Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Қазақстанға әскер жіберсе бақытты боламын – Маргарита Симоньян

Ресейлік пропогандист, журналист Маргарита Симоньян "Эхо" радиостанциясына берген сұхбатында Қазақстан туралы арандатушы сөз айтты. Ол Қазақстанға "кейбір бұзақылармен" күресу үшін Ресей әскерін жіберуге қуанышты болатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кaztag.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: © Starface.ru

Маргарита Симонян Ресейде "заңгерлер де, экономистер де" әскерге баруды армандауы керек деп санайды. Оның ойынша сонда ғана елге ешкім қауіп төндіре алмайды.

Сонымен қатар, ол Ресей әскерінің Сириядан шығарылуын дұрыс деп есептемейтінін атап өтті.

"Мен Украинада, Сирияда және егер тағы да шақырса, Қазақстандағы қандай да бір "бармалейлермен" күресу үшін [соғысуды] өзімізге мүмкіндік бере алатын болсақ, өте бақытты болар едім", – деді пропагандист ЭМПАТИЯ МАНУЧИ хабарына берген сұхбатында.

Симоньянның айтқан "Бармалейі" – Корней Чуковскийдің "Доктор Айболит" ертегісіндегі жауыз, тонаушы, бұзақы және каннибал кейіпкері. Тележүргізуші 2022 жылғы ақпандағы Қазақстан дипломаттарының Украина аумағындағы "ДХР" және "ЛХР" сепаратистік құрылымдарының тәуелсіздігін мойындамайтыны туралы үндеуіне жауап айтты. Ол қазақстандық депутаттарды  "рахметі жоқтар" деп бағалады. Бұдан бөлек ол қаңтар оқиғалары кезінде ҰҚШҚҰ Қазақстанға енгізілгенін және "оларды неге құтқардық?" деп сұрақ туындайтынын айтады.




Мәжіліс депутаты Айдос Сарым, оның мәлімдемесіне пікір білдіре отырып, пропагандистің шешім қабылдайтын адамдар қатарына жатпайтынын ескерткен.

"Тәубе, Маргарита Симоньян – сыртқы істер министрі, мемлекеттік Дума спикері, президент немесе премьер-министр емес", – деді Айдос Сарым.

Еске салсақ, бұған дейін ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки әлеуметтік желіде жазба жариялап, “Қазақстанда орыс тілі мемлекеттік деңгейде ығыстырылып жатыр" деп айыптаған еді. Ресейлік журналистің айтуынша, көз бен құлақ үйреніп қалған атауларды өзгерту Балтық елдерінен бастау алған.  

Талқылау