Ресей қазақстандық полигонда жаңа зымыранды сынақтан өткізді (видео)
Ресейдің қорғаныс министрлігі Қазақстандағы Сары-Шаған полигонында жаңа зымыранның сынақтан өткізілуінің видеосын жариялады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі ресейлік ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Видео кадрларынан, зымыранның көкке көтеріліп, соңынан жалын мен түтін қалдырғаны көрінеді.
Атап өтілгендей, ПРО жүйесінің жаңа зымыраны қойылған сипаттамаларды растап, шартты нысанды сәтті талқандаған.
Зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі Әуе-ғарыш күштерінің қару-жарағының құрамында. Ол әуе-ғарыш шабуылы құралдарының соққысынан қорғануға арналған.
Талқылау

"Түрің түрмеден шыққан адам сияқты": Қоғамдық көлікте ер адам қазақстандық арудың сырт келбетіне тиісіп, ескерту жасаған (видео)
Заңгер мұндай ескертулер біреудің ар-намысына тисе, шағымдануға болатынын айтты

Freedom Bank-тен кешбэк алып жүрген қазақстандықтар декларация тапсыруға міндеттеледі
Банк клиенттерінің көбі кешбэк үшін декларация тапсыратынын білмеген