Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Байқоңырдағы жабдықтардың бір бөлігін Қазақстанға бермек

"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы Байқоңыр ғарыш айлағындағы кейбір жабдықтарын Қазақстанға беретін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

"Байқоңырдағы 110-космодромда "Энергия" ракета-тасығышының ұшу алаңы орналасқан. Нысан "Южный" ғарыштық орталығында орналасқан. Ол "ЦЭНКИ" АО филиалымен қорғалған. Қазіргі таңда ол эксплуатацияланды. Алаңда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ", - дейді орталықтың баспасөз қызметі. 

Ұшу алаңындағы кейбір агрегаттар мен жерасты кабельдерін беру туралы ұсыныс қазір Қазақстан тарапына жіберілген. Ұсынысқа әлі жауап келмеді. 

Ресей Байқоңыр қаласын және ғарыш айлағын 2025 жылға дейін жалға алған. Жалға алу құны - жылына 115 миллион доллар.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр