Ресей әскері Украинаның Херсон қаласын толықтай бақылауына алды
Ресей әскері Украинаның Херсон қаласын толықтай бақылауына алды. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игор Конашенков айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Ресей қарулы күштерінің бөлімшелері облыс орталығы Херсонды толықтай бақылауына алды", – деді Конашенков.
Ол қаладағы азаматтық инфрақұрылым, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен транспорттың қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
"Қалада азық-түлік пен бірінші қажеттілігі бар тауарлардың тапшылығы жоқ. Әлеуметтік инфрақұрылым, құқықтық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету объектілерінің жұмысын қолдау бойынша ресейлік қолбасшылардың қала және облыс әкімшілігімен келіссөздері жалғасуда", – деп атап өтті ол.
Айта кетейік, Херсон – Украинаның оңтүстігінде орналасқан қала, Херсон облысының әкімшілік, мәдени және өнеркәсіптік орталығы.
Талқылау