Ресейлік солдат әжетхана жуудан бас тартқан соң екі күннен кейін көз жұмды
Белгородтағы әскери бөлімшелердің бірінде әскери қызметін екі-ақ күн өтеген cтавропольдік азамат көз жұмды. Оқиға қарашаның 29-ы болған, алайда ол туралы ақпарат енді ғана жарияланды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: lenta.ru сайтынан
Қаза болған 19 жастағы жас жігіттің анасының айтуынша, баласы қарашаның 28-і Белгородтағы казармаға орналасқан. Сол күні-ақ, әжетхана жу деп қысым жасалғанын, бірақ өлсе де ондай жұмыс істемейтіндігін айтып отбасына хат жазған. Түннің бір уағында "арада кикілжің шықты және әңгімеге тартып жатыр" деп аудиохабар жіберген. Кіммен сөйлескені белгісіз.
Қарашаның 29-ы командир жас жігіттің туыстарына хабарласып, оның өлімін естірткен. Командирдің айтуынша, турникте жаттығу жасап тұрған кезінде халі нашарлаған. Жедел жәрдем шақырылғанына қарамастан, дәрігерлердің қолынан ештеңе келмеді. Қазіргі таңда оқиға себептері анықталып жатыр.
Талқылау

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
Инженерлік, су және энергетика, жол құрылысы, көлік, әуе жолдары мен темір жол саласындағы мамандар қажет

"Мені қазақ емес деп ойлайды": Желіде Қазақстан туралы айтып жүрген америкалық жігіт көпті тәнті етті
Саят: “Туған әкем қазақ, бірақ көбі америкалық әкемді көріп мені жартылай қазақ деп ойлайды"