Басты жаңалықтар
Ресей армиясына тағы 400 мың адам шақырылады
Ресей президенті Владимир Путин Украинада қарулы күштерінің қатарын толықтыру үшін тағы 400 мың адамды әскерге шақыруға бұйрық берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Rast.kz сайтына сілтеме жасап.
Ресей билігі мәжбүрлікпен жүргізілген бірінші мобилизацияны қайталамауға тырысып жатыр. Ал әскерге ішінара жұмылдырудың бірінші кезеңінде ел жаппай соғысты қолдаудан бас тартып, бірден шетелдерге қарай қашқаны белгілі. Сол кезде, яғни былтырғы қыркүйек айынан бері мобилизациямен Украинаға барғандардың барлығы дерлік бірден соғыс майданына жіберілді. Олардың көпшілігі қаза тапты.
Ал қазіргі науқанның мақсаты жалдамалыларды қатарға тарту арқылы Ресейдің Украинадағы әскері санын қайтадан көбейту болып отыр.
Шетел сарапшыларының айтуынша, Ресей билігінің жоспары орындалмай қалуы мүмкін. Себебі, қазір Ресей армиясына тұрмыстық жағдайы өте нашар адамдар қосымша табыс көзін табу үшін ғана барады.
Талқылау

Алматыда күзетші мейрамханаға келген қызды сүйреп шығарып жіберген: Көпшілік ресторанға бойкот жариялады
The Theater қызды шығарып жіберудің себебі не екенін айтудан бас тартты

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп