Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Референдум – 2026: 8,8 миллион қазақстандық дауыс берді

референдум

Орталық референдум комиссиясы 18:00-дегі жағдай бойынша дауыс берген сайлаушылар жайлы деректерді жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

18.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 845 280 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 70,98 пайызына тең.

Аймақтар бойынша дауыс беру үлесі бойынша 91,80%-бен Қызылорда облысы алда келеді. Ал аутсайдер қала атанған Алматыда 32,82%. Өзге өңірлер бойынша көрсеткіш келесідей: 

  1. Абай облысы 73,84%
  2. Ақмола облысы 77,72%
  3. Ақтөбе облысы 83,12%
  4. Алматы облысы 70,27%
  5. Атырау облысы  71,08%
  6. Батыс Қазақстан облысы 66,90%
  7. Жамбыл облысы 81,07%
  8. Жетісу облысы 73,84%
  9. Қарағанды облысы  81,44%
  10. Қостанай облысы 80,11%
  11. Қызылорда облысы 91,80%
  12. Маңғыстау облысы 76,84%
  13. Павлодар облысы  71,85%
  14. Солтүстік Қазақстан облысы 68,58%
  15. Түркістан облысы  82,03%
  16. Ұлытау облысы 70,57%
  17. Шығыс Қазақстан облысы 83,63%
  18. Астана қаласы 56,72%
  19. Алматы қаласы 32,82%
  20. Шымкент қаласы 74,44%.
Назархан Уән
Жексенбі, 15 Наурыз, 2026 18:22