"Reels – 6 миллион теңге": Әлішер Елікбаев табысты болудың құпиясын бөлісті
Белгілі блогер Әлішер Елікбаев жарнама үшін қанша теңге алатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/yelikbayev/
Желі жұлдызы “Айқап” подкастында қонақ болып, табысты болудың құпиясын бөлісті.
“Маған ұсыныс түскенде мен бірден бір жыл жұмыс істейікші деп айтамын. Өйткен екі жаққа да солай тиімді. Менің бір сторисім – 1 миллион 200 мың теңге тұрады. Reels – 6 миллион теңге. Желтоқсан айынан бастап бағаны осылай көтердім. Бір жыл жұмыс істесек, екі жақтың да аудиторисына танымал боламыз. Бағасы да арзандау болады. Маған төлеген 6 миллион теңгеңізді шығара алмай қалсаңыз, не болады?! Шағын бизнес бастап жатқандардан ұсыныс түседі. Сондай кезде жанашырлық танытып, тиімді жағын ұсынамын. Бір жылдық келісімшарт үш есе аз болады. 10 жылдан бері менімен жұмыс істеп келе жатқан компаниялар бар. Менің аудиториям жақсы таниды”, – деді блогер.
Сонымен қатар желі жұлдызы жеке парақшасын өзі жүргізетінін айтты.
“Менің бір ғана көмекшім бар. Қалған шаруалардың бәрін өзім атқарамын. Директ бөліміндегі барлық хаттарды оқимын. Күніне 2000 адамға жауап жазамын. Басқалар секілді контентмейкер, мобилографпен жүрмеймін. Мүлдем шақырған жерге кешікпеймін”, – деді желі жұлдызы.