Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Реал Мадридтің" Нұралы Әліпке қызығушылық танытып жатқаны рас па - Жаңа мәліметтер пайда болды

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп испандық клубтың көзіне түсті. Дереккөздің мәліметінше, футболшыға "Реал Мадрид" қызығушылық танытқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрәлі Әліп

Бұған дейінтыл БАҚ 24 жастағы қазақстандыққа еуропалық тағы бір алпауыт "Манчестер Юнайтед" қызыға бастағанын жазған. Ал кейін британдықтардың тағы бір бәсекелесінің бар екені анықталды.

“Қолда бар ақпаратқа сәйкес, "Зенит" ойыншысына "Реалдың" бас скауты Джуни Калафат қызығушылық танытып отыр. Клуб екі орталық қорғаушысынан айырылып, қорғанысын нығайту үшін Роберт Ренанды жалға алуды жоспарлады. Ресейлік агенттердің хабарлауынша, “Мадрид” командасының скауттары бақылап тұрғанда қазақстандық ойыншының ойынына назар аударған. Бұл Нұралы жақын арада "Реалға" жалға берілуі мүмкін деген сөз”, – деп болжайды Kazakh Football Inside.



Қазақстан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының екі жолдамасына Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Мариномен таласты. Бұл топтан Дания 25 ұпаймен, Словения 22 ұпаймен жолдамаға ие болды. Қазақстан 18 ұпаймен 4-орында тұрақтады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының Еуро-2024 жолдамасы үшін жорығы мұнымен аяқталған жоқ. Қазақстан келесі жылы наурызда Еуро-2024 додасына лицензия алуға тағы бір рет талпынып көреді. Енді алдағы жылы наурызда Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі арқылы бір жолдамаға таласуға мүмкіндігі бар. Қазақстан наурыздың аяғында Грекиямен ойнайды, егер Грекияны жеңсе, Грузия-Люксембург арасындағы матчтың жеңімпазымен жолдамаға таласады.

Талқылау