Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Реал Мадрид" командасы Алматыдағы қонақүйді түгел жалға алған

Фото: agoda.com

29 қыркүйекке қараған түні Алматы әуежайына мадридтік "Реалдың" ойыншыларын алып келген чартерлік рейс қонды. Құрамында Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Джуд Беллингем секілді жұлдыздар бар команда бесжұлдызды InterContinental Almaty қонақүйіне жайғасты. Алдағы күндері бұл қонақүй өзге меймандар үшін жабық аймаққа айналады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазір қонақүйді онлайн-сервистер мен ресми телефон арқылы брондау мүмкін емес. Бөлмелерді тек 1 қазаннан бастап алуға болады. Олар 15 қабатты, 277 нөмірі бар қонақүйді клуб толықтай жалға алған.

Соңғы айларда InterContinental Almaty жиі БАҚ назарында жүр. Өткен аптада мұнда Backstreet Boys тобы тоқтаған еді. Қонақүйдің танымалдығы тек Орталық стадионға жақындығымен емес, сонымен қатар ыңғайлы орналасуы және қауіпсіздік жүйесінің жоғары деңгейімен байланысты. Қонақтарға арналған жеке кіреберіс, жабық қабаттар мен жеке күзет қызметі бар. Бұған қоса, басқа басылымдарда мемлекет жыл соңына дейін отельдің иесі болып отырған "Айт-Отель" АҚ-дағы (қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны) 47,32% үлесін сатуды жоспарлап отырғанын хабарлаған.

Айта кетейік, "Реал" Алматыға түнгі 00:50 шамасында қонды. Қонақүй алдында жұлдызды құрамды қолдарына жалауша, футбол добы мен именной жейделерін ұстаған ондаған жанкүйер қарсы алды. Әлеуметтік желілерде жанкүйерлердің холлда кумирлерін күтіп отырғаны, тіпті Мбаппені қонақүй мейрамханасынан көріп қалғаны туралы бейнежазбалар тарады.

30 қыркүйек күні өтетін "Қайрат" – "Реал" матчы тек спорттық емес, мәдени оқиғаға да айналмақ. Бұл мадридтіктердің еурокубок тарихындағы ең алыс сапары болып отыр. Сондықтан бапкерлер штабы Қазақстанға негізгі құрамды ала келген.

Кездесу Астана уақытымен сағат 21:45-те басталады. Алматыдағы көптеген барлар мен мейрамханалар үлкен экрандарда тікелей көрсетілім ұйымдастырып, фан-аймақтар әзірлеп жатыр.

 


Алматы "Қайрат" – "Реал" матчынан 4,8 миллиард теңгеге дейін табыс табады


Аты-жөнінде қазақша әріптері бар жанкүйерлер "Қайрат" пен "Реал" матчына билет ала алмаған


Еске салайық, бұған дейін Алматыға шабуылшылар Килиан Мбаппе, Джуд Беллингем және Родриго келгенін жаздық. Матч 30 қыркүйекте сағат 21:45-те басталады. Алайда капитан әрі негізгі қорғаушы Дани Карвахаль жарақатына байланысты тізімде жоқ. Бұған дейін "Қайрат" бапкері Кирилл Уразбахтин қарсы ойынға арналған жоспарын бөліскен еді.

 

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 29 Қыркүйек, 2025 12:15
Талқылау