Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Реал Мадрид" Алматыдағы қонақүйді тұтастай жалға алуға қанша төлегені белгілі болды

Реал Алматыдағы қонақүйге қанша төлегені белгілі болдыФото: ihg.com

Алматыға УЕФА Чемпиондар лигасының матчы үшін келген "Реал Мадрид" командасы InterContinental қонақүйін толығымен жалға алу үшін қанша төлегені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

SHOT Telegram арнасының ақпаратынша, "Реал Мадрид" футболшыларға жағдай жасау үшін 28 қыркүйектен 1 қазанға дейін InterContinental қонақүйін толығымен жалға алған. Бұл келісімнің құны – 278 миллион теңге (507 мың доллардан артық).

28 қыркүйек – 1 қазан аралығындағы күндерге стандартты нөмірдің орташа бағасы тәулігіне 375 доллар, ал люкс бөлмесі – 560 доллар болған. Қонақүйде барлығы 277 нөмір бар, олардың барлығын "Реал" иеленген. Команда Алматыға 40-тан астам адамнан құралған құрамымен келген.



26–29 қыркүйек аралығында Алматыға "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчын тамашалау үшін Қытай, Үндістан, Ресей, Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД елдері және өзге де еуропалық мемлекеттерден 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келген.

Еске салсақ, осыған дейін "Реал Мадрид" командасы Алматыдағы қонақүйді түгел жалға алғаны туралы жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 30 Қыркүйек, 2025 18:32