Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

RBK Банктің бұрынғы басшысы Жомарт Ертаев жаңа қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр

RBK Банктің бұрынғы басшысы Жомарт Ертаев жаңа қылмыстық іс бойынша тексерілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes.kz басылымына сілтеме жасап. 

Ертаев "қорғауға құқығы бар куәгер" құқықтық мәртебесін алды. Бұл ақпаратты Алматы прокуратурасы баспасөз қызметі растады.

RBK Банк өкілдерінің құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабына "Басқаның сеніп тапсырылған  мүлкін иемденіп алу немесе жымқыру" бойынша тіркелген басқа арыздар нәтижесінде іс қозғалған.  



Тергеуді Алматы қалалық ІІД-нің тергеу басқармасының қызметкерлері жүргізіп жатыр, күдік келтірілмегендіктен, іске қорғауға құқығы бар куәгер ретінде тартылған. Жомарт Ертаевтың қатысуымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. 

Құқық қорғау органдарында атап өткендей, "қылмыстық істің басқа мәліметтері жария етілмейді".

Еске салайық, экс-банкир Жомарт Ертаев 2020 жылы қарашада RBK Bank -тен 144 миллиард теңге жымқырды деген айыппен тұтқындалған болатын. Оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу үкімі шығарылды. 2021 жылдың наурыз айында Ертаев Bank RBK, Eurasian Bank және Qazaq Banki банктерінен несие ақшасын жымқырғаны үшін тағы бір қылмыстық іс бойынша сотталды.

Талқылау