Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

RBK банкі активтердің өсуі бойынша көш басында

RBK банкі активтердің өсуі бойынша көш басында

Биыл 1 қазандағы жағдай бойынша қазақстандық банктердің активтері 67 трлн теңгеден асты, ай ішінде 0,6% өсті. Ұлттық банк деректеріне сілтеме жасаған Ranking.kz негізінен несие портфелі 1,8%-ға өсіп, 41,6 трлн теңгеге жеткенін хабарлады.

Республиканың екінші деңгейлі банктерінің жалпы активтерінің 89%-ы бірден ең ірі он банктің еншісіне тиді: бір ай ішінде 0,3% өсіп, 59,6 трлн теңгеге жетті. Айта кетейік, екінші деңгейлі банктер секторында барлығы 23 банк жұмыс істейді.

Айлық активтердің өсуі бойынша алғашқы ондықта сенімді көшбасшы – RBK банкі: +3,4%, 2,5 трлн теңгеге дейін. Жылдық динамикада банктің көрсеткіштері 13,1%-ға артты.

RBK банкі активтердің өсуі бойынша көш басында

RBK банкінің несие портфелі бір ай ішінде 4% өсіп, осы жылдың қазан айына қарай 1,4 трлн теңгеге жетті. Басқа қаржы жүйесінің қатысушыларымен қатар, банк халыққа және бизнеске несие берумен айналысады. Сондай-ақ “Даму” қоры арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік несиемен қолдау бағдарламаларына белсенді қатысады. Мысалы, “Өрлеу” жаңа бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге экономиканың басым салаларында 10 жылға дейін жеңілдетілген несие беріледі, ал портфельдік кепілдендіру бағдарламасы бойынша қарыз алушылар “Даму” қорының кепілдігін 3,5 млрд теңгеге дейінгі қарыз сомасының 85%-ына дейін ала алады.

RBK банкі активтердің өсуі бойынша көш басында

Айта кетейік, жылдық динамикада Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің жалпы активтері 15,4%-ға өскен, ал соңғы бес жылда 2,2 есе, ал он жылда 3,2 есе артқан.
Екінші деңгейлі банктердің жоғары өтімді активтері 19,1 трлн теңгеге тең, бұл барлық активтердің 28,4%-ы деген сөз.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 05.04.2021 ж. № 1.2.100/245/41 лицензия.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 17 Қараша, 2025 10:29
Талқылау