Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

RAMS Qazaqstan компаниясы Түркиядағы пресс-турда тұрғын үйлерінің басты ерекшелігін көрсетті

Жұртшылықты жайлы әрі қолайлы аумақтағы тұрғын үйлерімен қуантып жүрген RAMS Qazaqstan компаниясы Түркияның Ыстамбұл қаласындағы бас кеңсесінде пресс-тур өткізіп, құрылыс алаңымен таныстырды. Компания өкілдері саяжай алаңында балабақша, мектеп, дәріхана мен қажет дүкен, ойын алаңы бар тұрғын үйлердің сапасын қалай қамтамасыз етіп отырғанын айтып берді. RAMS Qazaqstan алдағы уақытта тұтынушыларын қалай қуантады? Олай болса көптің арманындағы пәтерлерді салып жүрген бірегей компанияның ерекшелігін атап көрсетейік. 

RAMS Qazaqstan ұйымдастырған пресс-турда компанияның өкілдері құрылыс бағыты мен салынған үйлердің ерекшеліктерін таныстырды. Олардың айтуынша бұл үйлер кез келген жастағы тұрғындардың қажетін қамтып, талғамынан шығады.  

“Біз үй салар кезде ең бірінші сапаға назар аударамыз. Байқасаңыздар, салынған құрылыстарымыздың барлығы дерлік қаланың ортасында болса да, табиғи саяжайлар мен гүлденген аймаққа толы. Компания ең бірінші үй маңында адамдарға тыныштық сыйлайтын жасыл бақтың болуына аса мән береді. Сол үшін де құрылыс салар алдында теректері көп, жасыл алаңы бар орындар арнайы таңдалады. Кей жағдайда өзіміз егіп, гүлдендіреміз. Одан бөлек, әрине мектеп балабақша, ойын-сауық орындары, дәріхана мен қажет дүкендер де қолжетімді жерде орналасуын қамтамасыз етеміз. Себебі бүгінде адамдар үшін уақытты қаланың кептелісінсіз үнемді өткізу өте маңызды”, – деді RAMS компаниясының түркиядағы басшылық өкілінің бірі Джем Джиритджи. 

Бүгінгі таңда жұртшылық үшін ең біріншіден үйдің сапасы маңызды. Бұл ретте RAMS Qazaqstan компаниясының құрылыс материалдары Түркиядан, көршілес Ресей және отандық өнім Қазақстаннан да алады. 

“Әрине құрылыс материалдарының сапасына біз бірінші назар аударамыз. Бүгінде компания басты материалдарды Түркиядан алдырады. Кейде Қазақстанға көршілес Ресейден де тапсырыс беріп жатамыз. Одан бөлек, отандық қазақстандық өнімдер де құрылыста қолданылады. Таңдаулы материалдар үй сапасына кепілдік береді”, – деп қосты Джем Джиритджи. 

Биыл Алматыда болған жер сілкінісі кезінде RAMS Qazaqstan тұрғын үйлерінде ешқандай жарықтар мен сызаттар болмаған. Компания өкілдері мұның өзі сапалы өнімге деген сенімді арттыра түскенін алға тартты. 

“Сол кезде қаладағы көптеген тұрғын үйлерде жарықтар мен сызаттар қандай да бір ақаулар болғаны туралы көптеген жаңалықтар тарап, жұртшылықтың еңсесін түсірген еді. Алайда біздің жұмыс чаттарымызда керісінше, жақсы хабарламалар көптеп келе бастады. Атап айтқанда тұрғындар ешбір сызат болмағанын жарыса хабарлап, үйлердің сапалы екені туралы ұзақ талқылады. Компания үшін әрине адамдардың қауіпсіздігі бірінші орында. Сол себепті алдағы шілде айында салынған тұрғын үйлеріміздің біріне сейсмологиялық сынақ жүргіземіз. Бұл сынақ бір ай бойы арнайы мамандардың бақылауымен жасалмақ. Яғни жер сілкінісі кезінде үйдің қаншалықты мықты екені осы тексеріс кезінде сараланады”, – деді  RAMS Qazaqstan компаниясының PR бөлімінің директоры Евгения Кожа-Ахмет. 

RAMS Qazaqstan пәтерлерінде барлық қолайлылық жасалған. Атап айтқанда бүгінде тіпті барлық қажет жиһаздарымен жабдықталған сәнді әрі әдемі пәтерлер қолжетімді. 

RAMS Qazaqstan компаниясы еліміздің үш ірі қаласында жұмыс істейді. Атап айтқанда Алматы, Астана, Шымкент шаһарындағы тұрғындар үшін компанияның ұсынған үйлері өте тиімді. Компания жобаларында "комфорт", "бизнес" және "премиум" кластағы пәтерлер бар. Олар қаланың архитектурасын көркейте отырып, тұрғындар үшін қолайлы орта жасайды.

Ал бағаларына келер болсақ, компания қазақстандықтар үшін баспананың қолжетімді болуын да қамтамасыз еткен. Тұрғындарға "комфорт", "бизнес" және "премиум" кластағы пәтерлерді түрлі жеңілдіктер мен бөліп төлеу арқылы алу жүйесі бар.

Компания Қазақстаннан бөлек, Түркия Германия, Тайланд, БАӘ-рінде де түрлі ғимараттарымен танылған. RAMS тұрғын үйден басқа, мектеп, стадион, ірі бизнес орталықтары мен демалыс орындарын, ауруханаларды салады. 

“Компания мектеп, аурухана құрылысымен де айналысады. Бүгінде бірнеше елдегі жобаларымыз сәтті аяқталып өз иелерін тауып жатыр. Пхукет, Дубай, Мәскеу, Ыстамбұлдағы пәтерлер жақсы бағаланып келеді”, – деді RAMS компаниясының Түркиядағы өкілдері.

Сонымен қатар пресс-тур барысында компания Түркияда салынып жатқан биіктігі жағынан ең үлкен болып саналатын “Beyond” ғимаратымен таныстырды. Ғимарат 78 000 м², биіктігі 171 метр, 44 қабаттан тұрады. Компания өкілдерінің айтуынша бұл ғимарат заманауи қарқындағы биік әрі бірегей жобаға айналмақ. 

Бүгінгі таңда үлкен қаладағы күйбең тіршілік, кептеліс пен шу өмір кім-кімді болсын қажытатыны анық. Мұндай жағдайда баспананың жайлы әрі таза, қолайлы аумақта болуын қалайтындар үшін RAMS Qazaqstan үйлері таптырмас таңдау.

RAMS Qazaqstan компаниясы нарықта 26 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Құрылыс компаниясы пайдалануға 3 000 000 м²-ден астам тұрғын үй жылжымайтын мүлкін пайдалануға өткізген. Компанияның басты ұстанымы – халықтың таза, жайлы әрі гүлденген аймақта өмір сүруін қамтамасыз ету. Атап айтқанда, RAMS тұрғын үйлері жайлы пәтерлерден бөлек, аумақтағы бар қажеттілікті қолжетімді етуімен ерекшеленеді. Мектеп, балабақша, ойын-сауық орындары мен табиғат аясында демалуға мүмкіндік беретін саяжайлары – осының бәрі жайлы өмірдің керемет таңдауы.

Талқылау