Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рамазан айында жұмыс істеп жатқан мұсылмандар еуропалықтар үшін қауіпті саналуда

Мұсылмандардың Рамазан айы бойы жұмысынан сұранып, бос болғаны дұрыс. Данияның көші-қон және интеграция министрі Ингер Стойберг осылай деп мәлімдеді.

Рамазан айында жұмыс істеп жатқан мұсылмандар еврейлер үшін қауіпті саналуда

Сурет: Валерий Мельников / РИА Новости

Бұл туралы The Local басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Мен барлық дат қоғамын жағымсыз салдардан сақтау үшін, мұсылмандарды Рамазан айында жұмысынан сұранып, демалыс алуға шақырамын», – дейді министр.

Сондай-ақ, министр ескі дәстүрдің Даниядағы заманауи еңбек нарығымен үйлесетініне сенімсіз екенін айтты.

Оның сөзінше, оразада ауыз бекіту тұрғындардың қауіпсіздігі мен олардың еңбек өнімділігіне әсер етуі мүмкін. Бұл орайда ол күні бойы ас пен судан  тыйылатын автобус жүргізушілерін мысалға келтірді.

«Бұл бәріміз үшін қауіпті болуы мүмкін», – дейді Стойберг.

Басылымда аталғандай, Стойберг көпшілікке көші-қон саясатына деген қатал көзқарасымен танымал. 2017 жылы ол желідегі парақшасында көші-қон заңнамасының қаталдандырылғанына бір жыл болғанын атап өту сәтінен сурет жариялап, дау туғызған еді.

Оқи отырыңыз:

Әкесі қызын көлікте ұмытып кеткен: қыз қайтыс болды

Әйел 5 рет түсік тастаған құрбысына егіз балаларын туып берді (фото)

Қолына балаларының есімін жаздыртқан ана шебердің қателігіне бола ұлының есімін өзгерткен

Қайыршылықпен айналысқан әйел банк есепшотында 1 млн доллар ақша жинаған

Талқылау