Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рамазандағы алаяқтық: Қазақстандықтар танымал жандардың қатысуымен өтетін барлық лотереяларды тексеруді талап етуде

Соңғы күндері лотерея ойнатқан Ернар Айдардың әрекеті қызу талқыланып жатыр. Қымбат көлік пен пәтерді ұтысқа тіккен әнші өзінің бұл істе алданып қалғанын айтып ақталды. Алайда халықтың басым көпшілігі кешіре алар емес.

Ернар Айдар 23 наурыз күні ұтыс жариялап, қымбат көлітер мен Алматы қаласынан бір пәтер ойнатылатынын хабалаған еді. Алайда ұтыс нәтижесін жариялап жатқан сәтте полицияның қолына түсті. Лотереялық конкурстың былығы әшкереленді. Көліктердің жалға алынғандығы, бір қатысушыға 500 мың теңгеге билет сатылғаны анықталды. Қатысушы ұтысты ұйымдастырушылар мені жеңімпаз етуге уәде берді деп шындықты айтты.  Ал, әнші өзінің де алданып қалғанын, бұл істе құрбан болғанын айтты. 

Алайда желі қолданушылары жаппай пікір-талас бастап кетті. Оларды жазғандарынан аңғарғанымыз, лотерея ойнатқан барлық әншіні жауапқа тарту керек. 

"Әлгі Бүркіт деген атпен жүретін Айбекті, Айнұрды, Нұрлан Еспан тағы-тағылардыда тексеру керек. Олардыңда алаяқтықтары шығады. Бір таңғалатыным, осы әнші-ақын сымақтарға сот жоқ сияқты?!!".

"Лотерея ойнатқандар Қайрат Нұртас, Нұрлан Еспанов, Ерке, Мәдина, Роза, Айгүл, Керімбекова, Бүркіт, Айнұр Тұрсынбаева, Жігіттер тобы - бұлар өте көп. Барлығы ең болмаса, халықтан иіліп, кешірім сұрау керек".

"Өз басым осы әншіні тыңдамаймын. Түрі де қарға аунаған түлкі сияқты құбылмалы. Имансыз екен. Қарапайым халықты алдап. Сол халықтың арқасында байып отырғандарын ұмытты-ау әншілер. Барлық күнәлары жойылатын қасиетті рамазан айындағы бұл тірлігі миға сыйымсыз".

"Айдан анық алаяқтық. Қалай алданады? Сонда осы уақытқа дейін ойнатқан Қайрат мамасымен, Бүркіт, Айгүл, Нұрлан, Роза, Ерке де алданып қалды дейсің бе? Барлығы сол халықты алдап, пайда тапты. Бұлардыда және Ірі ұтысты алғандарды да тексеру керек. Барлығы сыбайлас".

"Шайтан азғырмасын,жап-жақсы атымен жүре бермей. Бұны азғырушы бар, ақша көрсе періште жолдан таяды, көре алмаушылықпен әдейі істеп отыр ма кім білсін. Бәрі мүмкін бұл күнде".

"Бұлар халықтын арқасында көтеріліп, енді халқына түкіргені ғой. Концерттеріне бармау керек. Тойларға да шақырмау керек. Кімнің арқасында әртіс боп жүргенін көрсін. Асты бұлар".

"Әнші, әзілкештер, бұлар шырылдауық шегірткелер, халықтың арқасында байып алып, халық қыйналып жатқанда,ол аздай,арбап алдап соңғы тиындарын қағып алып жатыр,оңбағандар", - деп жазды басым көпшілігі. 


"Ол жұлдыз емес": Кәсіпкер Ернар Айдарды шегіртке деп атады


Олардың арасында халықтың өзін кінәлап, сауатсыз дескендері де бар. 

"Мен адамдарға таңғаламын, осындай ойындарға сеніп, ақша салғанына".

"Лотерея ойнап нелері бар еді халықтың, әншілерге сенуге бола ма? Мұндай ойындардың жалған екенін әлі білмей ме?".

"Өздеріңіз тойға шақырасыздар, концертіне барып, фонограммасын тыңдайсыздар, ұтысына қатысасыздар, сосын ренжисіздер? Неге соның бәрінен бас тартпайсыздар? Сонда жеңіл ақша таба алмайтын еді".

Енді бір топ әншілер кешіріммен құтылып кетпей, жазасын алсын деген пікір айтты. Бұл өзгелерге сабақ болсын дейді. 

"Басқа әншілер сабақ та алып, қорқып та жатқан жоқ. Инстаграмда ұтысын әлі ойнатып жатыр. Неге олар жазаланбайды?".

"Таза алаяқтық. Ашыққаннан құныққан жаман демекші, мынандай заманда "алдаушылар" мен ауызжаласып қомақты қаржыға жарнамалады ма, бірге жауап берсін. Айқынды ел әнші деп, алдамайды деген оймен жарнамалаған "пирамидасына" салым салып сан соқты, олда "алданып" қалған кісінің шапанын киді. Жоқ жарнамалап ауыз жаласып елді алдады ма, жауап берсін. Далада жатқан "батпан құйрықты" сорып үйренгендер. Жай тойға шақырсаң саудаласып шиесін шығарып ақысын алады, ал жарнамадан одан он есе жоғары. Жазалау керек. Сонда ғана тыйым болады. Аңқау елге арамза молда болғандарды".

"Ернар дауға калып отырган жоқ, қылмыс жасап, алаяқтықпен айналысқан адам. Оны қатал жазаламаса, ертең басқа әншілер де жазадан жаздық, жаңылдық деп құтылып кетеді", - деді олар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр