Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол жұлдыз емес": Кәсіпкер Ернар Айдарды шегіртке деп атады

Қазақстандық кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Ернар Айдарды шегірткеге теңеді. Ол жұлдыз деп атауға лайық емес деген пікір айтты. Кәсіпкер бұлай айтуының себебін де түсіндіріп өтті.

Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды. 

Кәсіпкер, қазақтілді бизнес тренерлердің бірі Ахметбек Нұрсила Ернар Айдарды шегірткеге теңеді. Ернар ғана емес, қазіргі қазақ эстраданың жас әншілерін жұлдыз деп атауға қарсылығын айтты. Бұл ретте бағдарлама жүргізушісі Дина Төлепбергенге де сын айтты. 

"Дина Төлепберген, сіз де, басқалардың да осы әншілерге қатысты айтқанда кінәңіз бар. Шегіртке әншілерді әлдеқанда жұлдыз деп атайсыздар. Жұлдыз деген аспанда ғана. Қол жетпейтін, жол сілтейтін дүние. Шоқтығы биік тұлғаларды сондай жұлдызға теңеген. Әл-Фарабиді, Абайды, Шәкірімді, Ыбырайды не еңбегі сіңген тұлғаларды жұлдыз деуге сияды. Ал, мынадай секіріп билеп, біреудің әнін айтып жүргендер жұлдыз ба? Мен Ернар Айдар деген баланы танымаймын да. Себебі ондай шегірткелерді тыңдамаймын. Қазір шегірткелер көп қой. Баяғыдағы Балуан Шолақ секілді әнді өзің жазып, өзің әнін жазып өзің орындасаң екен. Абай айтады Крыловтан аудармасында "Шырылдауық шегіртке, Ыршып жүріп ән салған. Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған" дейді. Дәл осындайларға арналған. Біреудің әнін айтқан адам орындаушы не жай ғана әнші, бірақ жұлдыз емес. Жұлдыз болу үшін еңбегің сіңу керек. Танымалдың бәрін жұлдыз деп санау дұрыс емес", - деді кәсіпкер. 


"Көлікті сен ұтасың деп 500 мыңға билет сатты": Ернар Айдардың ұтысына қатысқан қатысушы шындықты жайып салды


Бұл пікірге бағдарлама қонақтарының бірі келіссе, бірі қарсылық білдірді.

Аяна есімді журналист кәсіпкердің пікіріне қарсы. Себебі бұл әркімнің басына қона бермейтін бақ дейді ол.

"Шегіртке деп атауға қарсымын. Ол бақ. Әркімге бұйыра бермейді. екінің бірі Ернар Айдар емес. Халықтың, жастардың сұранысында жүрген әнші. Ернар қазір қазақтың тойының гүлі десе де болады", - деді әнші.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр