Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рақметі жоқ Селена: Құрбысы әншіге бүйрегін сыйлады, бірақ қазір олар бір-бірімен араласпайды

Америкалық әнші әрі актриса Селена Гомес бүйрегін сыйлаған құрбысы Франсия Райсамен араласпай қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RadarOnline басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Суретте Франсия Райса мен Селена Гомес

Жұлдыздар 2018 жылдың қазан айынан кейін бір-бірімен сөйлеспеген екен. Сол уақытта Гомес эмоционалды күйзелістен кейін психиатриалық ауруханаға түсті. Басылымның мәліметінше, әр кеш сайын көңіл көтеретін шараларға бару, арақты көп ішу — әншінің ауруханаға жатуына түрткі болған. 

Осыдан кейін Франсия Райса Нью-Йорктағы Four Seasons қонақ үйінен ішіп жатқан құрбысын көріп қалады. Екеуінің ұрысып қалуына осы жайт септігін тигізген. Франсия Селенаға отадан кейін денсаулықты дұрыс күту керектігін айтады. Ал, әнші оның айтқанын мүлдем тыңдамайды. 

2017 жылы дәрігерлер Селена Гоместің бүйректерін ауыстырып, ота жасады. Әнші жүйелі қызыл жегі ауруымен ауырады, трансплантация оған осы себеппен керек болды. Райса сол отадан кейін физикалық және эмоционалды тұрғыда қиналған екен. Әлсіреп кеткені сонша, өзінің итін көтере алмай қалған.

Талқылау