Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қос қазақстандық балуан арулар Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Гүлмарал Еркебаева

Фото: ҰОК

Қырғызстан астанасы Бішкекте әйелдер күресінен Азия чемпионатының іріктеу кезеңі басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат аггенттігі хабарлайды.

Ұлттық құрама сапында -50 кг салмақта бақ сынайтын Марал Тәңірберген Тайпей спортшысынан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Сонымен қатар аса ауыр салмақ +76 кг Гүлмарал Еркебаева үндістандық Кажал Кажалды жеңіп, келесі айналымға шықты.

Маралдың қарсыласы Токио Олимпиадасының чемпионы, бірнеше дүркін әлем чемпионы – Юи Сусаки (Жапония). Ал Гүлмаралдың қарсыласы енді белгілі болады.

Бүгін бозкілемге шыққан 59 кн Виктория Хусаинова мен -55 кг Шұғыла Өмірбек үндістандық палуаннан, ал Елена Шалыгина алғашқы белдесуінде жапониялық Мива Морикавадан жеңіліп қалды.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 08 Сәуір, 2026 13:24