Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

QazCovid-in Түркияда құйылады: Вакцина қай елдікі болып саналады?

QazCovid-in (QazVac) вакцинасының шығарушысы кім болып белгіленетініне қатысты сауалдар туындады. Вакцина Түркияда құйылады, бірақ өндірушісі - Қазақстан. Бұл сұраққа Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстанда өндірілгеннің бәрі қазақстандық деп есептелетінін жақсы түсінесіз. Сондықтан, қандай да бір жолмен, екі нұсқа да - Қазақстанда әзірленген және Қазақстанда өндірілген - Қазақстанға қатысты болады. Өндіріс кезінде Түркияда орналасқан алаңша қолданылатын болады. Бірақ құқық иесі ретінде барлығы Қазақстанға қатысты болады. Сондықтан осы және басқа вакцинаны қазақстандық вакцина деп санаймыз", - деп түсіндірді Марат Шоранов.

Вице-министр ресейлік вакцинаға қатысты да айтып өтті.


Вакцина салдырғаннан кейін бала көтеруге бола ма: Мамандар жауап берді 


"Спутник V"-ге келетін болсақ, ол Ресей Федерациясында жасалған вакцина болып саналады. Вице-министр атап өткендей, технологияның құқық иесі Н.Ф. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы болып қала береді және денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің тікелей инвестициялар қоры арқылы жұмыс істейді. "Бірақ "Гам-КОВИД-Вак" өнімінің өзі барлық сериялық нөмірлері, ережелері, этикеткалары және т.б. бар, қазақстандық талаптар бойынша жүріп жатыр.

Айтуынша, бұл қазақстандық өнім болып саналады. Сондай-ақ, өндіріс қазақстандық тараптың бақылауымен жүзеге асырылатын болады.

 

Талқылау