Қазақстанның қорғаныс саласына арналған ғылыми жобаларға шамамен 2 миллиард теңге бөлінді

Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
2018-2025 жылдары Ұлттық қорғаныс университетінде 1,9 миллиард теңге қаржыға 22 ғылыми жоба жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ғылыми жобалардың ішінде: “Шағала” атты барлайтын ұшқышсыз аппарат (дрон), инженерлік әскерлер қолданатын жаңартылған минасыздандыру құрылғысы және басқа да техникалық жобалар бар. Сондай-ақ әскерге арналған барлау және соққы беру жүйелерін дамыту үшін зерттеулер жүргізіліп, оларды қолдану бойынша қарапайым ұсынымдар дайындалған.
Сонымен қатар университет ұжымы бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамытып келеді. Заманауи әзірлемелер енгізіп, білікті мамандар даярлауды қамтамасыз етуде. Оқу орнының ғылыми әлеуетін 5 ғылым докторы, 24 ғылым кандидаты, 57 философия докторы (PhD), 1 бейін бойынша доктор құрайды.
"Шағала" барлаушы дронының тәжірибедегі нұсқасы бағдарламалық-аппараттық байланыс арнасымен, байланыс арнасы қорғалған жеке криптографиялық хаттамамен жабдықталған. Бұл ұшқышсыз ұшу аппаратын Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғалымдары жасаған.
Оқыңыз“Қазіргі заманғы әскери қақтығыстарда ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануы, осындай құрылғылар жасау қажеттігін дәлелдеді. Ұлттық қорғаныс университетінде қарсыластың бронды техникасы мен күшіне қарсы тиімді қару ретінде тек барлау дрондарын ғана емес, сонымен қатар соққы беруші ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдануға да талдау жасады”, – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.
Фото: Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаевтың айтуынша, қазақстандық аппараттардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын әзірлеу кезінде өз әсккеріміздің барлық қажеттіліктерін, қорғаныс мақсатындағы географиялық ерекшеліктерді ескеру қажет.
Дронның зерттеуге арналған үлгісін полигонда сынақтан өткізу кезінде әскери ғалымдар төмен температураға төзімді қуат көзінің жаңа өнімін байқап көрді. Ерекше аккумулятор батареяларды Ұлттық қорғаныс университеті мамандарының ойлап тапқан.
Әскери ғылыми-зерттеу орталығының бастығы полковник Қуандық Ақшолақов "Шағала" ұшқышсыз ұшу аппараты шетелдік дрондардан кем түспейтінін, керісінде өзіндік артықшылыққа ие екенін айтты.
“Ұшқышсыз ұшу аппаратының ұшу қашықтығы 30 шақырымға дейінгі аралықты құрайды. Ауада ол екі жарым сағатқа дейін болады, желдің екпіні секундына 14 метрге дейін күшейген кезде, ауада өзін тұрақты ұстайды”, – деді әскери ғылыми-зерттеу орталығының бастығы полковник Қуандық Ақшолақов.
Фото: Қорғаныс министрлігі
Ол “Шағаланы” взводтан батальонға дейінгі буындағы әскерлердің қару-жарақ қатарына қосуды жоспарлап отырғанын айтты.
Қорғаныс министрлігі бұған дейін ұшқышсыз ұшу аппаратын құрастыруға кететін уақыт жүйенің түріне және маманның дайындық деңгейіне байланысты өзгеретінін мәлімдеген еді. Дайындығы бар маман үшін квадрокоптер типті дронды құрастырудың стандартты уақыты шамамен 3–6 сағат. Ал тәжірибесі аз адам үшін бұл процесс 1–2 тәулікке дейін созылуы мүмкін.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастардың Отанға оралғысы келмейтінін айтты