Қазақстанның батысында құлаған дрондар кімге тиесілі: Қорғаныс министрлігі жауап берді

Қазақстанның батысында құлаған дрондардың кімге тиесілі екенін арнайы комиссия анықтап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков батыста құлаған ұшқышсыз ұшу аппараттарына қатысты пікір білдірді.
Вице-министрдің айтуынша, дрондардың қай мемлекетке тиесілі екенін анықтау үшін арнайы комиссия құрылған. Оның құрамына құзырлы органдар мен Қарулы күштердің мамандары бар.
Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылды
Оқыңыз“Қазір олардың қай мемлекетке тиесілі екенін анықтау қажет. Осыған байланысты құзырлы органдардан құралған комиссия құрылды. Комиссия құрамына біздің Қарулы күштердің мамандары сарапшы ретінде кірді. Қазір комиссия жұмыс жүргізіп жатыр”, – деді Мұстабеков.
Қазақстанның әуе қорғанысы күштері неге дрондарды атып түсірмегені сұралды. Вице-министр тексеру аяқталмай тұрып қорытынды жасауға ерте екенін айтты.
“Олар біздің қандай да бір инфрақұрылымға құлады ма? Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр. Олар аяқталған соң нақты жауап аласыздар”, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында дрон сынықтарына ұқсас бөлшектер табылғаны туралы жазған едік.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр