Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылды

Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас нысанның сынықтары табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Батыс Қазақстан облысы полиция депарментінің мәліметінше, күмәнді зат Ақжайық ауданында, елді мекендерден тыс аумақта анықталған.
Куәгерлердің айтуынша, табылған бөлшектер сыртқы пішіні жағынан ұшқышсыз ұшақ фрагменттеріне ұқсайды. Полиция департаменті аталған дерек бойынша тексеру жұмыстарын бастап кеткен. Қазір мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап, нысанның нақты не екенін зерттеп жатыр.
Айта кетейік, өңірде осындай оқиғалар тіркелген. 2025 жылдың наурыз айында Жәнібек ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылған еді. Ол кезде де құқық қорғау органдары тексеру жүргізген еді.
- Германияда метеорит құлап, сынықтары тұрғын үйлерді зақымдады
-
Дубайдағы зәулім ғимаратқа дрон соғылып, бір адам қаза тапты
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Қытайда дайындалған ұшқышсыз әуе көліктерін жолаушы және жүк тасымалына пайдаланатынын жаздық. Қытайдағы EHang компаниясымен келіссөздер жүргізіліп, технологияны елде енгізу мүмкіндігі зерттелмек.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?