Қазақстанда енді туды балконға және көлікке ілуге рұқсат берілмек

Фото: Aikyn.kz
Елімізде енді көк байрақты балконға ілуге рұқсат берілуі мүмкін. Тіпті туды көлікте желбіретіп жүруге де шектеу қойылмайды. Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік рәміздерді қолдануға қатысты жаңа норма дайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа заң нормасы туды пайдаланудың ережелерін нақты көрсеткен. Яғни азаматтарға болашақта жалауды балконда ілуге немесе көлікте ұстауға рұқсат берілмек.
“Мемлекеттік ту жерге, еденге, суға тимеу керек деген сөз қосылып отыр. Оны киім, жабын, төсек орын жабындысы ретінде, жарнамалық мақсатта қолдануға тыйым салынады деген де жаңа норма қосылып жатыр. Біз рәміздерді жалпы халық пайдалана алатындай нормаға алып келіп отырмыз”, – деді мәдениет және ақпарат министрлігі басқармасының бас маманы Әсел Құлмағанбет.
Одан бөлек балкондағы ту жерден 3 метр биікте орналасуы тиіс. Сондай-ақ терезе немесе балкон сыртына жабыстырып қоймай, 45 градус көлденең қойылуы керек. Ал туды түнгі уақытта жарықтандыру міндетті емес. Және ту жыртылмаған, түсі кетпеген әрі ұлттық стандарттарға сәйкес болуы тиіс.
Ескірген туды жоюдың да өз тәртібі бар. Айта кетейік, мемлекеттік рәміздерді қолдану ережелерін бұзған азаматтарға 200 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл көзделген. Ал құрметсіздік көрсетіп қорлағандар қылмыстық жазаға тартылады.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"
Оқыңыз