Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі алапат өрттен туды алып шыққан құтқарушылар ерлігімен көзге түсті (видео)

Құтқарушылар туды алып түстіФото: Видеодан скрин

Құтқарушылар Ақтөбедегі жанып жатқан әкімдік ғимаратының шатырынан Қазақстанның туын алып түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алапат өртті сөндіріп, жалынды оқшаулау кезінде құтқарушылар шатырға көтеріліп, мемлекеттік туды түсіріп, оның зақымдануының алын алды.

“Қауіпті жағдай мен тілсіз жаумен күрес кезінде де құтқарушылар елдің абыройы мен оның рәміздері әрдайым құрметке лайық екенін дәлелдеді”, – деп жазды еліміздің Төтенше жағдай министрлігі.

Желі қолданушылар өрт сөндірушілердің ерен еңбегін атап өтіп, көзсіз ерлігі үшін мақтауын асырды.

“Өмірін шүберекке түйіп, қай мезгіл, қай уақытта болмасын өз міндеттерін тиянақты атқаратын осы азаматтар”, “Расында да, өрт сөндіруші мамандығы – тек батыл әрі қайсар жандар үшін! Алла оларға денсаулық, сәттілік және әрқашан амандық берсін”, “Өз басын қатерге тіккен құтқарушыларға мың алғыс”, “Тілсіз жау-өртпен арпалысып жүрген қызметкерлердің айлығын көтеру керек”, “Жарайсыңдар, жігіттер”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Павлодарда бір топ адам туды өртеп, елтаңбаны бөлшектеген: Жауаптылар желідегі видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Павлодарда бір топ адам туды өртеп, елтаңбаны бөлшектеген: Жауаптылар желідегі видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Оқыңыз

Еске салайық, Ақтөбеде 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртенген еді. Өрт толық сөндірілді. Төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 08 Сәуір, 2026 09:16