Павлодарда бір топ адам туды өртеп, елтаңбаны бөлшектеген: Жауаптылар желідегі видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде бір топ адамның Қазақстан мемлекеттік туы мен елтаңбасын өртеп, бөлшектеп жатқаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видео желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Артынша видеоның Павлодардағы мектептердің бірінде түсірілгені анықталды.
Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, видеодағы әрекет жарамсыз деп танылған мемлекеттік рәміздерді жоспарлы түрде жою шарасы болған. 5 ақпан күні М. Жүсіп атындағы мектепте арнайы комиссия мәдениет және спорт министрінің бұйрығына сәйкес, белгіленген талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік рәміздерді жойған.
“Рәміздерді өртеу және бөлшектеу рәсімі регламент талаптарына сәйкес құжатталады”, – делінген хабарламада.
Білім бөлімінің мәліметінше, видео әлеуметтік желілер үшін емес, ішкі есеп үшін түсірілген. Алайда бақылаудың әлсіздігінен бұл видео интернетке тарап кеткен көрінеді. Осы жағдайға байланысты мектеп директоры қатаң сөгіс алды.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен