QazaqGaz компаниясынан бірнеше миллиард теңгеге тең заңбұзушылықтар анықталды
QazaqGaz (бұрынғы ҚазТрансГаз) басқарма төрағасы Санжар Жаркешов ұлттық компанияда тексеріс кезінде анықталған заңбұзушылықтар туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, QazaqGaz компаниясының қызметіне толық тексеріс жүргізілген.
"Бүгінде 937 миллиард теңгеден аса сомаға делдалдық схемалар мен қаржылық заңбұзушылықтар анықталды, оның ішінде құқық қорғау органдары 123 миллиард теңгенің заңбұзушылықтарын анықтады", – деді Жаркешов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.
Айта кетейік, 2022 жылдың қаңтарында Қайрат Шәріпбаев QazaqGaz компаниясының төрағасы қызметінен кеткен еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”