Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болат Назарбаев және Қайрат Шәріпбаевпен байланысы бар майнингтік компаниялар өз қызметін тоқтатты

Қазақстанда Болат Назарбаев және Қайрат Шәріпбаевпен үлестес майнингтік компаниялар өз қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, елде 55 майнингтік фермалар қызметін өз еркімен тоқтатты.

"Өз қызметтерін тоқтатқан майнингтік компаниялардың қатарында Павлодар облысында танымал кәсіпкерлер Болат Назарбаев және Александр Клебановпен үлестес фирмалар бар. Сондай-ақ, солардың арасында "QazaqGaz "ұлттық компаниясы" АҚ-ның Ақтөбе облысындағы бұрынғы басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев және Қарағанды облысындағы танымал бизнесмендердің бірі Ерлан Нығматуллин болды",-деп мәлімдеді агенттіктің баспасөз қызметінде.

Айтып өткендей, майнингтік фермалар өз жұмысын толығымен тоқтатқан. Жабдықтары бөлшектеліп, тұрған жерлерінен шығарылды. Қазір мемлекеттік органдар мұндай жабдықтарды қайта айналымға тартуға жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, 51 майнингтік фермаларының заңсыз қызметінің жолы кесілді. Бүгінгі күні олардың барлығы электрмен жабдықтау көздерінен ажыратылған.



“Мысалы, Қарағанды облысындағы "Сарыарқа" АЭА (арнайы экономикалық аймақ) аумағында майнингтік ферма заңсыз қызмет атқарды. Ал Павлодар облысында жылыжай шаруашылығымен айналысатын екі компания үшінші тұлғаларға өзінің артық электр энергиясын майнинг үшін лицензиясыз сатқан. Заңсыз қызметті жүзеге асыратын майнингтік компаниялардың арасында Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің бірі Қайрат Итемгеновпен үлестес фирмалар бар”, – делінген хабарламада. 

Бұдан басқа, заңсыз майнинг қызметін ішкі істер министрлігі департаментінің бұрынғы басшысы Тілеген Маткеновпен байланысты компаниялар жүзеге асырған. 

“Майнинг жабдықтарының елге кіруі бойынша: Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Түркия және Грузия елдерінен әкелінген болатын. Оларды әкелу контрабандалық тәсілмен жүзеге асырылған. Осындай фактілердің бірі Алматы қаласында анықталды, Қытайдан 2,8 млрд теңгеге бір мыңнан астам майнингтік жабдық әкелінді”, – дейді агенттіктен. 

Қаржылық мониторинг агенттігі барлығы 25 қылмыстық істі тіркеді, құны 100 млрд теңгеге жуық 67 мыңнан астам жабдық тәркіленді.

Айта кету керек, майнинг және сандық активтердің айналымын жеткілікті реттеудің болмауы қаржы жүйесіне және азаматтардың әл-ауқатына айтарлықтай қауіп төндіреді.

Крипто- ақша терроризмді қаржыландыру, қару-жарақ пен есірткі сатып алу құралы бола алады.

Талқылау