Qazaq kuresi қауымдастығы Кәрім Мәсімовтің орнына жаңа басшыны сайлады
Qazaq kuresi ұлттық күрес қауымдастығының құрылтайшылары қауымдастықтың жаңа президентін сайлады. Жаңа басшы мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы қауымдастықтың Instagram парақшасында жазылды.
ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Серікқанұлы Ерғалиев еркін күрестен спорт шебері. "Ерен еңбегі үшін" медалі, "Дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен және "Ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін" Мемлекет басшысының алғыс хаттарымен марапатталған.
- ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов екі айға қамалды
- ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісі "өте құпия" түрде тергелуде
Қауымдастық 2020 жылдың қаңтарында Республикалық қазақ күресі федерациясы, Қазақ күресі халықаралық федерациясы және Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірігуі нәтижесінде құрылған. Бірлестікті сол кездегі ҰҚК төрағасы қазіргі уақытта қамауға алынған Кәрім Мәсімов басқарған.
Qazaq kuresi қауымдастығының мақсаты – ұлттық спорт түрін республикалық және халықаралық аренада дамытып, Олимпиада бағдарламасына енгізу.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”