ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісі "өте құпия" түрде тергелуде
ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі "өте құпия" санатына жатқызылған, сол себепті сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Мәсімов К.К. және Садыкулова А.Т. қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Ерғожин Д.Е қатысты бұлтартпау шарасын қабылдау мәселесі қарастырылуда", - деп жауап берген ҰҚК агенттіктің сұрағына.
- "Мемлекетке опасыздық жасаған": Кәрім Мәсімовтің екі орынбасары ұсталды
- "Ең бастысы – мемлекетке және президентке деген адалдық": Кәрім Мәсімовтің ұсталған орынбасары туралы не білеміз?
Басқарма іс Қылмыстық кодекстің үш бабымен қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатқанын қосып өткен. Ұсталған азаматтар өзіне немесе басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасады және билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын өзгертуге бағытталған әрекеттер жасады деген күдікке ілінген.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҰҚК департаменттің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ұсталғаны туралы жазылған.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда