Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ең бастысы – мемлекетке және президентке деген адалдық": Кәрім Мәсімовтің ұсталған орынбасары туралы не білеміз?

Осы уақытқа дейін ҰҚК төрағасы орынбасары қызметін атқарған Әнуар Садықұлов бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовпен бірге мемлекетке опаздық жасады деген күдікпен қамалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов 1967 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 

1991 жылы Алматы зооветеринар институтын бітірген.1992 жылы ҚР Президенті Күзет қызметінің әскери қызметіне алынды. 

2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік тәмамдаған.

  • 1992 жылы ҚР Президенті Күзет қызметінің әскери қызметіне алынды. 
  • 1992-2013 жылдары – президенттің күзет қызметінің қызметкерінен осы құрылымның бастығына дейін көтерілді;
  • 2013 жылдың қаңтар-наурызында ҚР ҰҚК "Арыстан" арнайы қызметін басқарды, кейін президент күзет қызметінің бастығы лауазымына оралды;
  • 2014-2019 жылдары – бес жыл ҰҚК басшысының орынбасары және бір уақытта ҚР ҰҚК "Арыстан" арнайы қызметінің бастығы болып жұмыс істеді;
  • 2019 жылдан 2022 жылдың қаңтарына дейін – ҰҚК басшысының орынбасары қызметін жалғастырды, сонымен қатар "А" арнайы жасағының қызметін басқарды.

2017 жылы Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті "А" арнайы мақсаттағы қызметінің құрылғанына 25 жыл толуына орай түсірілген деректі фильмде Әнуар Садықұлов мемлекетке адалдық ең басты нәрсе екенін баса айтқан еді. 

"Ең бастысы – өз мемлекетіне және президентке деген адалдық. Өкінішке орай, қазіргі әлемде қауіп-қатер деңгейі төмендемей тұр, біз Таяу Шығыстағы, Сириядағы жағдайды көріп, талдаймыз. Біздің міндетіміз – осы сын-қатерлерге дайын болу және тиісті шаралар қабылдау. Біздің кез келген қызметкеріміз өз Отаны үшін өлуге, өз өмірін беруге дайын. Бұл ер адам, жауынгер өз Отаны үшін жасай алатын ең үлкен нәрсе. Мүмкін ол осы үшін дүниеге келген шығар", – деп айтқан фильмде. 

Айта кетсек, 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қамауға алынған болатын. Қылмыстық кодексте мемлекетке опасыздық жасау әрекеті үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Талқылау