Қаржы министрлігі мобильді аударымдар туралы мәлімет Салық органдарына қандай жағдайда берілетінін айтты

Қаржы министрлігі банктер қазақстандықтардың мобильді аударымдары туралы мәліметті қандай жағдайда салық органдарына беретінін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны Мәжіліс кулуарында Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді. Оның айтуынша, бәрі Салық кодексіне сәйкес жүзеге асады.
“Мәліметтер белгілі бір жағдайларда ғана беріледі. Бізде банктік шоттарға қолжетімділік жоқ, әрбір аударымды көрмейміз. Бірақ банктер Салық кодексіне сай ақпаратты жолдайды. Мысалы, 100 және одан да көп аударым болған жағдайда немесе тәуекелі жоғары төлемдер анықталса ғана. Әңгіме тек осы туралы. Уайымдаудың қажеті жоқ. Біз банктік шоттарға қол жеткізе алмаймыз”, – деді вице-министр.
Қазақстандықтардың мобильді аударымдары енді тұрақты түрде тексеріледі
ОқыңызСонымен қатар ол Қаржы министрлігі 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қосымша ақпарат беретінін айтты.
“Мемлекеттік кірістер комитетіндегі әріптестердің жұмысын күту керек. Барлық қажет шаралар аяқталған соң, бұл туралы хабарлаймыз”, – деді вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін Сәуірден бастап қазақстандықтардың мобильді аударымдары тексеріліп, салық органдарынан хабарлама жіберілетіні туралы жазған едік.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр