Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Qarmet металлургиялық комбинатты газдандыруды жалғастырып жатыр

Qarmet
Qarmet-тің тұрақты жаңарту бағдарламасы аясында 30 қыркүйекте №3 домна пешіне табиғи газ сәтті қосылды. Еске сала кетейік, бұған дейін 29 тамызда табиғи газ алғаш рет №2 домна пешіне және қаңылтыр табақша металл цехының №1 методикалық пештеріне жеткізілген еді.

Бүгінде мамандар газ беру жүйесін реттеп қойды. Мұндағы әр элемент мұқият бақылауды қажет етеді: газ қалай беріледі, ол қалай жанады, шығын өлшегіштер мен датчиктер қандай көрсеткіштерді тіркейді деген сияқты. Заманауи жүйе әр фурмаға газ беруді электрлі клапандардың көмегімен реттеуге мүмкіндік береді. Бұл енді процесті тікелей қадағалауға және өзгерістерге жедел әрекет етуге ыңғайлы жағдай жасайды.

Qarmet

"Әрине, жігіттердің эмоциясы ерекше. Домна процесінде бұл жағдай – біз үшін жаңа шешім. Әр элементті қадағалап отыру маңызды. Бірақ біз өмір бойы осы тарихи сәтті күттік. Өйткені табиғи газ – игі отын, ол бізге жаңа мүмкіндіктер береді", – деді №3 домна пешінің бастығы Ақан Еспотаев.

Qarmet/Ақан Еспотаев

Табиғи газға көшу Qarmet-ке домна процесінің өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Өйткені оның мазутпен салыстырғанда энергиясы тиімдірек, коксты аз тұтынуға жол ашады. Ал бұл металлургиялық өндірісті оңтайландыру үшін аса маңызды. Сонымен қатар табиғи газ экологиялық тұрғыдан анағұрлым таза отын болғандықтан, қоршаған ортаға әсері аз болады.

Qarmet

Еңлік Сақтан
Жұма, 03 Қазан, 2025 14:23
Талқылау