Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Qarmet "KIOSH-2025" халықаралық көрмесінде: Компания өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәжірибесін бөлісті

Qarmet компаниясының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сарапшылары 2025 жылғы "KIOSH" еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша 13-ші Қазақстанның халықаралық конференциясы мен көрмесіне қатысты. Аталған іс-шара 28–30 мамыр аралығында Астана қаласындағы "EXPO" халықаралық көрме орталығында өтті.

Көрмеге ел ішінде және шетелден келген 49-дан астам компания қатысқан. Іс-шараға ҚР премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова және Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин қатысты. Шараның мақсаты — еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы стратегиялар, трендтер мен инновациялық шешімдерді талқылау.

"Өндірістік жарақаттануды болдырмау бойынша халықаралық стандарттар: стратегиялар мен тәжірибе" атты панельдік сессияда Qarmet директорлар кеңесінің мүшесі, өндірістік қауіпсіздік саласындағы халықаралық сарапшы Даррен Николс сөз сөйледі.

“Мұнда жиналған кәсіби мамандарға — сіздердің шеберліктеріңіз бен кәсіби шеберлік расымен таңдандырады. мен өзімді "қауіпсіздік жөніндегі маман" деп атамаймын және мұны мойындаудан ешқашан қысылған емеспін. Мен — қауіпсіздік саласындағы практикпін. Қауіпсіздік мәдениеті қандай болуы тиіс деген теориялық пікірталастардан гөрі, оның нақты жүзеге асырылуы мен нәтижесі мені көбірек ынталандырады. Қатысқан кәсіпорындарда қауіпсіздік көрсеткіштері тұрақты түрде жақсарғанын атап өтемін. Қазір Qarmet компаниясында біз әлемдік деңгейдегі ауқымды қадамдар жасап жатырмыз және тәжірибемізді қуана бөлісеміз”, – деді Николс. 

Сондай-ақ іс-шара аясында техногендік қауіпсіздік саласындағы мамандар кездесуі өтті. Qarmet атынан болат департаментінің өндірістік қауіпсіздік директоры Сергей Горбачев қатысты.

“Конференция аясында әртүрлі кәсіпорындармен пікір алмасу, тәжірибе бөлісу жүріп жатыр. Сонымен қатар, уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен тікелей байланыс орнап, заңнамадағы жоспарланып отырған өзгерістерді алғашқы дереккөзден білуге, сондай-ақ болашақта бірлесіп атқаратын жұмыстар бойынша өз ұсыныстарымызды жеткізуге мүмкіндік бар”, – деп атап өтті Горбачев.

Көрмеде жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары (СИЗ), өрт қауіпсіздігі мен төтенше жағдайлар, еңбек гигиенасы мен денсаулық, экологиялық қауіпсіздік, еңбекті қорғау саласындағы оқыту мен ғылым және IT қауіпсіздік тақырыптары қамтылған. Көрмеде әлемдік деңгейдегі жаңа өнімдер: арнайы киімдер, каскалар, респираторлар, қорғаныш көзілдіріктері, қолғаптар, ауа тазарту жүйелері мен өлшеу құралдары ұсынылды.

Іс-шара барысында қазақстандық компаниялардың еңбекті және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өзекті тәжірибелері де талқыланды. Цифрлық шешімдер мен Qarmet компаниясында қолданылып жүрген тәжірибелер туралы баяндаманы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау директоры Сергей Стефурак жасады.

“Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы – Qarmet үшін басты құндылық. Біздің стратегиялық мақсатымыз – өндірістегі өлім-жітім оқиғаларын жою. Конференция ұйымдастырушыларына өзіміздің еңбекті және қауіпсіздік техникасын сақтау жөніндегі көзқарасымызды ұсынуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз. Біз енгізіп жатқан цифрлық шешімдер – ЕҚжЕҚ басқару жүйесін (SMS) жетілдіру, видеоаналитика мен автоматтандырылған жүйелерді дамыту, биіктіктен құлаудың алдын алу бағдарламасын іске қосу. Qarmet тәжірибесінің өзге компанияларға да пайдалы боларына сенеміз. Біз ашық диалогқа дайынбыз”, – деді Стефурак.

Qarmet компаниясы қызметкерлердің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған заманауи тәжірибелерді енгізуді жалғастырып келеді. Шахталарда позициялау жүйесі енгізілуде. Ол Көмір департаментінің Диспетчерлік-талдау орталығына қосылып, 600 метрден астам тереңдікте жер астындағы жағдайды үздіксіз әрі егжей-тегжейлі бақылауға мүмкіндік береді. Шахта қызметкерлері арнайы оқшауланған смартфондармен жабдықталды. Бұл диспетчерлер мен кеншілер арасында бейнебайланысты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, көмір қабаттарын алдын ала дегазациялау (газсыздандыру) бойынша жерүсті бұрғылау әдісі белсенді қолданылуда. Автоматтандырылған медициналық пункттер ашылып жатыр. Жазатайым оқиғалардың алдын алуға арналған жасанды интеллекті бар камералар орнатылуда. Шахталардағы магистралдық конвейерлерде автоматтандырылған өрт сөндіру жүйелері жұмыс істеп тұр.

STAN.KZ
Бейсенбі, 29 Мамыр, 2025 17:23
Талқылау