Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пысық жігіт бір жыл бойы ұшақ тамағын тегін ішіп келген

Әккі қытайлық жолаушы Квонг Ва По ұшақ билетінің ақшасын барынша кері қайтарып алуға тырысқан. Ол үшін пысық азамат ұшақ бортына көтіріліп, ұшпас бұрын ұсынылатын тағамды жеп, кейін қайта шығып кеткен.

Бұл туралы шетелдік Independent басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бұл айласын қытайлық азамат 300 рет қайталаған. Ал ұшақтан шыққан соң ол билетін бір күн кейінге қайта рәсімдеп отырған.

Жолаушының билетті қайта-қайта ауыстыра беруі авиакомпания түсінбестігін туғызған. Бұдан кейін қызметкерлер арнайы тергеу жүргізіп, қытайлық азаматтың тегін ас үшін алаяқтыққа барғанын анықтаған. Алайда әккі жолаушы тергеу басталған күні-ақ қолдағы билетін өткізіп, ақшасын кері қайтарып үлгерген-ді.

Жіберіп алмаңыз:

Instagram көптен күткен мүмкіндікті іске қосты

Адамзатты болашақта қандай өзгерістер күтіп тұр

56 жастағы әйел алғаш рет ана атанып егіз сәбиді өмірге әкелді

Бразилиялық сылқымдар сиыр етінен жасалған бикини киді (фото)

 

Талқылау