Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин "Вагнер" жеке әскери компаниясының бұрынғы қолбасшысымен кездесті

Ресей президенті Владимир Путин "Вагнер" жеке әскери компаниясының бұрынғы командирі Андрей Трошевпен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: osnmedia.ru

Кремльдің хабарлауынша, Путин Трошевтен Украинадағы ерікті жауынгерлерді бақылауды сұраған. 

"Жауынгерлік жұмыс жақсы әрі сәтті өтуі үшін алдын ала қандай мәселелерді шешу керегін білесіз. Сол себепті "арнайы операция кезінде" ерікті жауынгерлерді өз бақылауыңызға алсаңыз", – деді Путин Трошевке.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, Трошевтің қазіргі таңда "Қорғаныс министрлігінде жұмыс істейтінін" мәлімдеді.

Айта кетейік, Андрей Трошев – тамызда ұшақ апатынан қаза тапқан "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы болған Евгений Пригожиннің бұрынғы көмекшісі. Пригожинның өлімі Вагнер әскерлері Мәскеуге қысқаша жорық жасағаннан кейін екі айдан кейін орын алды. 

Еске салайық, бұған дейін Ресейде әскери бүлік бастаған Евгений Пригожин ұшақ апатынан көз жұмғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 29 Қыркүйек, 2023 13:23
Талқылау