Путин Трамппен кездесуінен кейін Тоқаев екеуі телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Трамппен кездесу нәтижесімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы әріптесін Трамппен Анкориджде өткен кездесу қорытындысымен құттықтады.
Президенттің пікірінше, келіссөздер Ресейдің Украина жөніндегі ұстанымын америкалық тараптың жақсы түсінуіне септігін тигізді. Бұл күрделі мәселенің шешімін іздеуде ортақ тіл табысуға көмектеседі.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Аляскадағы саммитті Ресейдің халықаралық ұстанымдары мен әлемдік аренадағы өзара түсіністікті нығайту тұрғысынан серпінді оқиға деп санайды. Сондай-ақ қазіргі шиеленіс жағдайында саяси маңызы зор сапардың шебер ұйымдастырылғанын атап өтті", – делінген Ақорданың хабарламасында.
Тоқаев Трамп-Путин кездесуіне үн қосып, оны тарихи саммит деп атады
Тоқаев Аляскадағы саммитті Ресейдің халықаралық позициясын және әлемдік аренадағы өзара түсіністікті нығайту тұрғысынан айтулы кездесу болды деп санайды.
Владимир Путин өз кезегінде Аляскада өткен келіссөздердің кейбір нақты аспектілері туралы хабардар етті.
Соңында президентіміз Ресей басшысына энергетика саласындағы сындарлы ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін 15 тамызда Аляскадағы әскери базада АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі өткен еді. Келіссөздер бірнеше сағатқа созылды. Дегенмен Трамп Путинмен Украина мәселесі бойынша келісімге келе алмағанынайтты.

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
