Путин мен Трамп телефон арқылы не туралы сөйлесті
Коллаж Stan.kz
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Путин әңгіменің екі сағатқа созылғанын, ашық әрі мазмұнды әңгіме болғанын атап өтті.
Ресей президенті Трампқа Мәскеу мен Киев арасындағы тікелей келіссөздерді қайта бастауға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты. Трамп Украинадағы атысты тоқтату туралы өз ұстанымын білдірген.
Путин Украинамен атысты тоқтату тиісті келісімдерге қол жеткізілген жағдайда ғана мүмкін екенін айтты. Путиннің айтуынша, ең бастысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың түп-тамырын жою қажет.
Украина соғысты аяқтау үшін оккупацияланған жерлерінен бас тартуға дайын – Трамптың арнайы өкілі
Путиннің айтуынша, Ресей Украинамен атысты тоқтату мәселесін де қамтитын меморандумды әзірлеуге дайын.
"Біз дұрыс жолдамыз", – деді Путин Украинамен келіссөздерді қайта бастау туралы пікір білдіріп.
Телефондағы әңгімеден кейін АҚШ президенті Дональд Трамп та мәлімдеме жасады.
"Ресей бұл “қанды қырғын” аяқталған соң Америка Құрама Штаттарымен ауқымды сауда жасағысы келеді, және мен мұнымен келісемін. Ресейде көптеген жұмыс орындарын ашып, байлық жасауға шексіз мүмкіндіктер бар. Оның әлеуеті шексіз. Сол сияқты Украина да өз елін қалпына келтіру барысында саудадан үлкен пайда ала алады", – деп жазды Трамп Thuth Social желісіндегі парақшасында.
АҚШ президенті "Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер дереу басталатынын" айтты. Сондай-ақ ол бұл туралы Владимир Зеленскийге, Урсула фон дер Ляйенге, Эммануэль Макронға, Джорджа Мелониге, Фридрих Мерцке және Александр Стуббқа "Путинмен сөйлескеннен кейін бірден" хабарлағанын да атап өтті.
Келіссөздер Ватикан қаласында өтуі мүмкін.
Айта кетейік, Трамп Путинге дейін телефон арқылы Зеленскиймен де тілдескен еді.
Еске салсақ, бұған дейін Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегациялары арасында келіссөз өткен еді.

Жамбыл облысында ерлі-зайыптылар өз достарының 15 жастағы қызын зорлады деп айыпталды
