Теміртауда жағажайда жыныстық қатынасқа түскен ер адам қамауға алынды
Фото: Freepik.com
Теміртауда жағажайда жыныстық қатынасқа түскен ер адам 10 тәулікке қамауға алынды. Ал әйелге айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Демалыс күндері Теміртау тұрғындары Самарқан су қоймасының жағажайында ұят көрініске куә болды.
Куәгерлердің сөзінше, жағажайда екі әйел мен бір ер адам масаң күйде жүрген. Әйелдердің бірі ер адаммен бірге суға кіріп, жыныстық қатынасқа түсе бастаған.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерге тарағаннан кейін жұп құқық қорғау органдарының назарын аударды.
19 мамыр күні Теміртау қаласының әкімшілік соты жұпқа қатысты жеңіл бұзақылық бойынша істі қарады. Нәтижесінде ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, ал оның серіктесіне 78 640 теңге айыппұл салынды.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында домбыра мұғалімі 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінгені туралы жазған едік.
Талқылау

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
Алматы әкімдігі Сайранда су қоймасы мен оның маңын тазарту бойынша сенбілік өтетін айтты

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
Адамдар жүйке жүйесіне әсер ететін улы зат – күкіртсутекпен уланып жатыр