Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин мен Трамп телефон арқылы Иран төңірегіндегі жағдай мен Украина бойынша келіссөздерді талқылады

Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлестіФото: Getty Images

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Ақпаратты Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, әңгіме АҚШ басшысының бастамасымен өткен. Сөйлесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер, атап айтқанда Иран төңірегіндегі жағдай мен Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздер талқыланған.

Юрий Ушаковтың сөзінше, президенттер Таяу Шығыстағы ахуалдың дамуына қатысты пікір алмасты. Владимир Путин Иран төңірегіндегі жағдайды мүмкіндігінше тезірек саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге бағытталған бірқатар ұсыныс білдірген. Сондай-ақ Ресей басшысы Парсы шығанағы елдерінің жетекшілерімен жүргізген келіссөздерінің нәтижелері бойынша қалыптасқан бағаларын бөлісті.

Тараптар әңгіме барысында Украинадағы қақтығыс тақырыбын да қозғаған.

“Путин Украинадағы қақтығысты реттеу жолында АҚШ-тың және жеке Трамптың делдалдық әрекеттеріне оң баға берді”, – деді Юрий Ушаков.

Оның айтуынша, екі ел көшбасшыларының әңгімесі іскерлік, ашық әрі конструктивті сипатта өткен.

Ал Дональд Трамп өз кезегінде Путинмен болған сөйлесуді жақсы өткенін айтты.

“Мен президент Путинмен өте жақсы әңгіме жүргіздім”, – деді ол баспасөз мәслихатында.


"Толық күйрегенге дейін шабуылдаймыз": Трамп Иранға жаңа өте жойқын соққы жасайтынын айтып қорқытты

Трамп АҚШ-та қару-жарақ өндірісін айтарлықтай арттыратынын мәлімдеді


Сонымен қатар Трамп әлемдік мұнай бағасының күрт өсуі аясында Ресей мұнайына қатысты санкцияларды одан әрі жұмсарту мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Иран туралы айтқанда, АҚШ басшысы оның бағалауынша соғыс іс жүзінде аяқталуға жақын екенін атап өтті.

“Оларда флот жоқ, байланыс жоқ, әскери-әуе күштері жоқ”, – деді ол, жағдайдың өзі күткеннен әлдеқайда жылдам дамып жатқанын қосып.

Америкалық көшбасшының айтуынша, АҚШ операцияның төрт-бес аптаға созылуы мүмкін деген бастапқы болжамынан әлдеқайда тез ілгерілеп келеді. Дегенмен ол Иранға қарсы соғысты аяқтау туралы шешім Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен бірлесіп қабылданатынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы түсе бастағаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026 10:01