Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин мен Си Цзиньпин 150 жасқа дейін өмір сүру және мәңгілік өмір туралы сөйлесті

Фото: Getty Images

Ресей президенті Владимир Путин 3 қыркүйекте Пекинде өткен әскери шеру алдында Қытай басшысы Си Цзиньпинмен адам өмірін ұзартатын биотехнологиялар және мәңгілік өмірге қол жеткізу мүмкіндігі туралы пікір алмасты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Екі ел басшысының салтанатты трибунаға бара жатқандағы бейресми әңгемесі тікелей эфир кезінде микрофонға жазылып қалған. Бұған қытай тілін білетін блогерлер назар аударды. 

Әңгіме өмір сүру ұзақтығының өсуіне қатысты болған. Си Цзиньпин Путинге: "Бұрын адамдар сирек 70 жасқа дейін өмір сүретін. Қазір 70-де әлі де бала сияқтысыз", – дейді. Ал Путин жауап ретінде: "Биотехнологияның көмегімен мүшелерді шексіз ауыстыруға болады. Адамдар неғұрлым ұзақ өмір сүрсе, соғұрлым жасарады, тіпті мәңгілік өмірге қол жеткізуге болады", – дейді. Ал Қытай басшысы: "Кейбір болжамдарға сәйкес, осы ғасырда адамдар 150 жасқа дейін өмір сүре алады", – дейді. 


Трамп Бейжіңдегі әскери шеру кейін Ресей, Қытай және Солтүстік Кореяны астыртын қастандық жоспарлап жатыр деп айыптады


Владимир Путин ресейлік журналистің сұрағына жауап беріп, қытайлық әріптесімен осындай әңгіменің болғанын растады. 

"Иә, шеруге бара жатқанда, төраға Си осы туралы айтты. Бұған дейін бұл тақырыпты Берлускони мырза да белсенді түрде көтерген еді. Иә, қазіргі заманғы денсаулықты жақсарту әдістері, тіпті мүшелерді алмастыруға байланысты хирургиялық тәсілдер адамзатқа өмір сүру ұзақтығын айтарлықтай арттыруға үміт береді. БҰҰ мәліметтері бойынша, 2050 жылға қарай әлемде 65 жастан асқан адамдар саны бес-алты жасар балалардан көп болады", – деді Путин. 

Айта кетейік, қазір Владимир Путин де, Си Цзиньпин де 72 жаста. 

Еске салсақ, бұған дейін Бейжіңде ел тарихындағы ең үлкен әскери шеру өткені туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 03 Қыркүйек, 2025 22:19
Талқылау