Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Мәскеудің Қазақстан үшін АЭС жобасын жасауға дайын екенін мәлімдеді

Ресей президенті Владимир Путин “Казахстанская правда” басылымына берген сұхбатында Мәскеудің Қазақстан үшін АЭС салуға көмектесетінін айтты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан Республикасының басшылығы өз аумағында атом электр станциясын салу мәселесін қарастырып жатқанына тоқталған Путин егер бұл жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылданса, "Росатом" мемлекеттік корпорациясы ең жоғары экологиялық талаптар мен қауіпсіздік стандарттарын сақтай отырып әрі ең озық технологияларды пайдаланып тиісті жобаны әзірлеуге дайын екенін жеткізген.

“Бұл Қазақстан экономикасын энергиямен қамтамасыз етуді арттырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қуатты серпін береді”, – дейді Путин сұхбатында.

Көрші елдің басшысы Ресей мен Қазақстан арасындағы "жасыл" энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуды өте өзекті деп санайтынын айтады.



“Біздің экономикалық декарбонизацияға және энергияға көшуге деген көзқарастарымызда ортақ нәрсе көп. Екі ел 2060 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын нөлге дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Ол үшін энергетикалық және индустриялық инфрақұрылымды жаңғырту, баламалы және жаңартылатын энергия көздерін, ал өтпелі кезеңде табиғи газды кеңінен енгізу керек. Табиғи экожүйелердің сіңіру қабілетін тиімді пайдалануға тиіспіз”, – деп түсіндіреді Путин.

Ресей президенті болашақта Орталық Азияның энергетикалық ресурстарына деген қажеттілік тек артып, басқа да мүдделі елдер екі елдің (Қазақстан мен Ресей – ред.) ынтымақтастығымызға қосыла алады, деген үмітін де жасырмаған.

Талқылау