Путин Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді
Ресей билігінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин Қазақстанға келуге дайындалып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ресей президентінің баспасөз қызметі
Әзірге ол қашан келетіні нақтыланбады. Бірақ Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның хаттамасына сәйкес, 27 қарашада келуі мүмкін.
"Сапарға шынымен де қызу дайындалып жатыр. Уақытын жақын арада хабарлаймыз", – деді Песков.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Ресей президенті Владимир Путиннің мемлекеттік сапарын күтіп отырғанын және онымен бірқатар жобаларды талқылауға үмітті екенін мәлімдеген еді.
Талқылау