Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психологтың өзін ұйықтатып тастадым: Ақтөбелік имам адам бойындағы жындарды қалай шығаратынын айтты

«Мені бір кәсіпкер үйіне шақырды. Жолы болмай, кәсібі жүрмейді екен. Бардым, үйінің бәрі айна. Түнде ұйықтап жатқанда кәсіпкерді жындар ұрғылап маза бермейді екен.

Оның үйі «Олжа» гипермаркетінің қасында. Сол үйге барып құран оқығаннан кейін жындар басылып қалды. Оған дейін тағы біраз адамды қарадым. Жыннан қорықсаң саған жабыса береді. Осы жүргенде менен көмек сұрайтын саудагерлер көп. Олардан мен ештеңе сұрамаймын. «Мұнша бер» деп айтуға ұят. Менде арам ой жоқ»,—дейді Мұхаметқали Шүкірәлиев.

Ақтөбеде адам емдеумен айналысып жүрген имам жындарды да көзімен көргенін айтты, деп хабарлайды aktobenews.kz.

«Менің жындарды көрген кезім болды. Ертеректе Заречный ауылында тұратын бір имам ажырасып жүрді. Екеуміз соның үйіне қонып  жүрдік. Таң ата көзім ашылып кетті. Қарасам бір тобы келе жатыр.

Бойы бір қарыс, шаштары үлкен. Көзімді ашам қашады. Жындардың мойнымды қылғындырып келген кездері болды. Қазір енді олар келмейді, рухани ұстазың болса олар саған келе алмайды. Бұрын емші болған, қазір психолог болып жасайтын жігіт бар. Құран оқығанда соның өзін «ұйықтатып» тастағанмын. Тұла бойының бәріне жын жабысқан екен. Бәрін алдым, қазір ол да маған әңгіме айта алмайды», —дейді имам.

Тағы да оқыңыз:

Атырауда салафилер 2 оқушы қызға үйленіп «талақ» айтып тастап кеткен

Кириллицада жазылған мәтінді жаңа қазақ әліпбиіне автоматты түрде аударуға болады

Келінімнің ішін қатты басып, жатырын алып тастаған: Немересінен айырылған Қызылорда тұрғыны дәрігерлердің кінәсін айтып берді

Талқылау