Психологтар ерлі зайыптылардың ажырасуына себеп болатын 6 белгіні атады
Huffington Post кәсіби мамандардың тәжірибесіне сүйене отырып, ерлі-зайыптылардың ажырасуына себеп болатын белгілерді жазды.
Біріншіден, ерлі-зайыптылар көбіне достарымен жиналған жерге бара бермейді. Мамандар ерлі-зайыптылардың бір бірімен тек оңашада қала бермей, достарымен бірге жиындарға барып тұруға кеңес береді. Осылайша көңіл көтеруге қарсылық тудырмау керек.
Екіншіден, жиі жақындаспау. Тек атаулы күндерде, туған күндер мен мерекелерде ғана төсек қатынасында болу әдетке айналып кеткені жаман. Бұл жайлы дәрігер әрі психолог Дебра Кэмпбелл жазады.
Үшіншіден айналасындағы жолдастарды дұрыс таңдау. Мәселен, күйеу жігіттің досы не әйеліңіздің құрбысы опасыздық жасап жүрген болса, не көңілдесімен жүретін болса, ол ертеңгі күні сіздің де осындай қадамға баруыңызға себеп болуы мүмкін. Адам күнде көріп жүрген оқиғасы әдеткі әрекетке айналады. Ал, егер жолдасыңыз отбасын, жарын жақсы көретін, құрметтейтін болса, оған адал болса ондай адамның сізге тек пайдасы ғана тимек.
Төртіншіден, ерлі-зайыптылардың үй жұмыстарын бірге атқармауы. Көп жағдайда үйдің жұмыстары әйелдің мойнына жүктеледі. Жұмыстан келген әйел үй жұмысын да істеу міндетті болады. Ол сәтте күйеуі демалып жата беруі мүмкін. Мұндай жағдай арада жанжал тууына себеп болады.
Бесінші жағдай, жұбайлар бір бірінің қатынасын сөз ете бермейді. Мәселен, екеуінің ара қатынасы жақсаруы үшін қандай қадамдарға барғанын айтып отыруы керек. «Саған қандай көмек көрсете алам?», «Менің тарапымнан қолдау керек пе?», «Осы демалыс күні қайда барамыз?» деген секілді тақырыпта әңгіме қозғамауы жиі кездеседі.
Алтыншы себеп, бір біріне тек көршілер секілді болып кеткен жұбайлар бар. Оларға тек баспана мен балалар ғана ортақ. Одан өзге ешнәрсе жоқтай көрінеді. Мұндай жағдайдың алдын алып, бірге істейтін шаруалардың қолға алыңыз. Бір велосипедпен қыдырысқа шығыңыз. Қосылып ән айтыңыз. Бастысы, екеуіңіздің көңіліңізді көтерерліктей уақытты қызықты өткізу керек.
Жіберіп алмаңыз:
Аяғы ауыр қазақстандық келіншек өзін күйеуі өлтіріп қоя ма деп қорқып жүр
Қазақ қызы отбасылы азаматқа тоқал болудың тиімділігін тізіп берді
Бәйбіше мен күйеуі ұл туып берген тоқалды үйден қуып шықты
Қазақ қызы студент кезінде туған баласын қазіргі жігітінен жасырып жүр
Бір әулеттің жалғыз ұлы бедеу келіншегінің ажырасу туралы ұсынысынан бас тартты