Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психикалық аурудан емделмек болған ер адамның кеудесі өсіп кеткен

Филадельфия соты америкалық Johnson&Johnson компаниясынан Николас Мюррейге 8 миллиард доллар көлемінде өтемақы төлеп беруді талап етті. Ер адам аталған компанияның антипсихикалық препаратын қабылдағаннан кейін жанама әсер берген. 

Психикалық аурудан емделмек болған ер адамның кеудесі өсіп кеткен

Сурет: Көрнекі сурет

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мюррей өз шағымында бала күнінде өзіне шизофрения мен биполярлық бұзылуға қарсы «Риспердал» препаратын қабылдауға кеңес берілгенін жазған. Аталған дәріні қабылдағаннан кейін, ер адамның организмінде эндокриндік бұзылулар орын алып, салдарынан омырау бездері үлкейіпті. 

Өткен жылдың қаңтар айында Филадельфияның огругтік соты Тимоти Стэндждің Johnson & Johnson корпорациясының құрамына кіретін Janssen Pharmaceuticals компаниясының үстінен жазған шағымын қараған еді. Туретт синдромынан зардап шегетін Сстэнджге 12 жасында «Риспердал» препараты тағайындалған. Бұл дәріні ішкеннен кейін оның да омырау бездері үлкейіп кеткен.

Ол үлкейген кеудесінен арылу үшін ота жасатуға мәжбүр болыпты. 2015 жылы сот өндіруші компанияны Стэнджге өтемақы төлеуге міндеттеген еді. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 09 Қазан, 2019 13:27
Талқылау