Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Психиатриялық емханада емес, дұғамен емдемекші болған": Анасын өлтірді деген күдікке ілінген адвокаттың жары алғаш рет сұхбат берді

Нұр-Сұлтанда өзінің анасын өлтірді деген күдікке ілінген Құмар Бердалиннің жары күйеуінің жағдайы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Время" басылымына сілтеме жасап. 

Әйелдің сөзінше, оның жұбайы кейін кезде оғаш қылықтар танытып, өзіне-өзі ұқсамай жүрген. Бір күні тіпті ол марқұм әкесін еске алып, күле бастапты. Бұған алаңдаған адвокаттың жары енесіне хабар беріпті. 

"Мен қоңырау шалғаннан кейін жұбайымның анасы мен әпкесі үйімізге келді. Көп ақылдаса келе олар Құмарды Құран сүрелері мен дұға оқып емдемекші болған. Бұл үшін мешіттен имамды да шақырттық. Бірақ мен күйеуімді дәрігерлерге көрсету керектігін бірден айттым. Бұл сөзімді имам да құптады. Алайда енем алған бетінен қайтпай, жұрттан ұят болады деп, дұға оқып жазамыз деп айтты. Бұған қоса ол аталмыш жағдай көпшіліктің құлағына жетсе, Құмарды психиаторлық мекемеге жауып, лицензиясын тартып алатыны жеткізді. Мен енемді сыйлаймын, қазақтың келіні болған соң, үлкендердің айтқандарын тыңдадым. Көнбеске амалым қалмады", - дейді әйел. 

Бұған қоса ол заңгердің кейін кездері күйзеліске түсіп, жұмысында қатты қажығандықтан осылай болғанын атап өтті. Сөзінше, қазір күйеуі тергеу изоляторына қамалған. 

"Журналистерден көмек сұрауыма тура келді. Құмарға мамандардың көмегі қажет. Абақтыда оның жағдайы одан бетер ушығуда", - деп қосты адвокаттың жары. 

Еске салайық, бұған дейін елордалық белгілі адвокат кісі өлтірді деген күдікке ілінгені айтылған еді. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 17 Маусым, 2020 15:03
Талқылау