Прокурор Перизат Қайраттың жабық процестегі жауаптарының бір бөлігін жариялады
Фото: Перизат Қайраттың жеке парақшасы
Прокурор Перизат Қайраттың жабық жауап алу кезінде алған айғақтарының бір бөлігін ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елордалық сот жабық отырыста Перизат Қайраттың берген айғағын ішінара жария етті. Прокурор Арман Кезекен Таяу Шығыстағы жәбірленушілерге қатысты іс эпизодының егжей-тегжейін айтты.
"Айыптың бұл фактісі бойынша Перизат Қайрат өз кінәсін мойындамай, сотқа ақшаның Палестина аумағына жеткізілгенін айтты. Сөзінше, ақша банктік аударым арқылы аударылса, бұл әскери қақтығысты қаржыландыру деп бағалануы мүмкін деп қорыққан. Қайрат өзінің көптеген шетелге сапарларын осымен түсіндіруге тырысты. Құрметті сот, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі сапарында қымбат заттар алған”, – деді прокурор.
Еске салсақ, Астанада қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырған деп айыпталған Перизат Қайрат ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр. 22 шілдеде сот жарыссөзі басталды. Прокурор Мадина Оразалина қайырымдылық атын жамылып пайда көргісі келетіндерге үндеу жолдады.

"Жұбайым менің тегімді алады": Жапон қызымен отау құрған қазақстандық Жапонияда сырға салып, ұзатуды онлайн өткізген
