Прокурор АЭС-ке қарсы шыққан белсенділерді бес жылға соттауды сұрады
Фото: Власть
Алматыда АЭС құрысына қарсылық білдірген белсенділердің сот өтіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Власть басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
21 тамызда Алмалы аудандық сотында АЭС құрылысына қатысты референдум қарсаңында ұсталған белсенділердің ісі бойынша жарыссөз басталды.
Мемлекеттік айыптаушы Нұрлан Жаулыбаев, Жанат Қазақбай, Фазылжан Сыздықов, Нұрлан Темірғалиев және Айдар Мүбараковты 5 жылға соттауды сұрады. Оларға Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1-бөлігі "Жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру" және Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу" бойынша айып тағылып отыр.
Референдум күні ұсталған белсенді Әсет Әбішев 184 мың теңге айыппұл арқалады
Сот "АЭС салу қауіпті" деген қазақстандық ер адамның талап-арызын қанағаттандырмады
Белсенділер Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі референдум алдында ұсталған. Олардың ісі қоғамда наразылық тудырып, құқық қорғаушылардың назарын аударды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда АЭС салуға қарсылық білдірген бес адам екі айға қамауға алынғанын жаздық. Белсенді Абзал Достиярдың сөзінше, қамауға алынғандар арасында Нұрлан Жаулыбаев, Нұрлан Темірғалиев, Жанат Қазақбай, Фазылжан Сыздықов бар екен. Қамауға алынғандардың үшеуі қарт, ал Нұрлан Темірғалиевтің денсаулығында ақау бар.

"Сәлем" сөзі араб тілінен енген, қазақтікі "армысыз": BI Group компаниясының амандасуға қатысты ұсынысы қоғамда сынға ұшырады
