Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Прокуратура Алматыдағы ірі тұрғын үй кешенінің құрылыс салушысын сотқа берген

Прокуратура Алматыдағы ірі тұрғын үй кешендерінің бірінің құрылыс салушыны сотқа берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қалалық прокуратура қадағалау органы Бостандық ауданындағы Сәтбаев көшесі, 26/4 үйінің бойында орналасқан тұрғын үй кешенін салу кезінде сәулет нормаларының сақталуына талдау жасағанын мәлімдеді.

“Қадағалау органы Сәтбаев көшесі 26/4 (құрылыс салушы "Bi RealtyAlmaty" ЖШС) мекен-жайы бойынша орналасқан Бостандық ауданында тұрғын үй кешенін салу кезінде сәулет нормаларының сақталуына талдау жүргізді.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары осы учаскедегі тығыздалған құрылысқа, сондай-ақ саябақтардың, әлеуметтік нысандардың және тұрақ орындарының жетіспеушілігіне наразылықтарын білдірді”, – дейді хабарламада.

Прокурорлар халықтың тығыздығы ескерілмегендігін және объектіні салу құрылыс нормаларының шекті рұқсат етілген параметрлерінен асатынын, сондай-ақ білім берудің әлеуметтік объектілеріне түсетін жүктеме ескерілмегенін анықтаған.

Мәліметтерге сүйенсек, құрылыс салушы 900 орынды құрайтын мектеп салу туралы міндеттеме алды.

Сонымен қатар аталған нысанның радиусында балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептерге 2274 орын тапшылығы бар, яғни мектеп құрылысы кезінде де 1374 орын жетіспейді. Құрылыс нормалары мен ережелерінің басқа да бұзушылықтары анықталды.    

Осыны ескере отырып, Бостандық ауданының прокуратурасы эскиздік жобаны келісу бойынша Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының әрекетін заңсыз деп тану туралы сотқа талап арыз берді.      

Прокуратура шағын аудан тұрғындарының тілектері мен әлеуметтік мәселелерді ескере отырып, осы нысанның құрылыс тұжырымдамасын қайта қарау қажет деп санайды.         

Талқылау